Kyzylorda-news.kz. Референдумға қатысты мессенджерлерде тарайтын хабарламалар мен әлеуметтік желіде жарияланған посттар үгіт-насихатқа жатады. Яғни, ресми БАҚ-та жарияланған мақалалармен деңгейі бірдей. Бұл туралы бүгін референдум орталық комиссияссының алғашқы отырысында АҚДМ ақпарат комитетінің төрағасы Қанат Ысқақов мәлімдеді.

Қазақстандықтар ұсыныстарды қолдай да, қарсы да шыға алады. Алайда Қанат Ысқақовтың сөзінше, кей жарияланымдар заңға қайшы келуі мүмкін. 

Мысалы, фейк парақшалар мен анонимді каналдардан үгіт-насихат жасауға болмайды. Мәтін мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіп төндірмеуі, зорлық-зомбылыққа шақырмауы керек. Сондай-ақ, әлеуметтік және нәсілдік араздық тудыруға болмайды. 

5 маусым күні сайлау учаскелерінде маскалы режим мен Ashyq жүйесі жұмыс істеуі мүмкін. Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова референдум күніне арнап бөлек қаулы шығаратынын хабарлады. Ондағы ереже дауыс беру күнгі эпидахуалға байланысты болмақ.

Тағы да оқыңыз: