Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Наушақызының халық алдындағы есепті кездесуін облыс жұртшылығымен қатар онлайн форматта көрдім.

Өткен жылы әлемді жайлаған пандемия індеті бәрімізге де үлкен сынақ болды. Бірақ оған қарамастан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында, халықтың әл-ауқатын жақсартуда, кәсіпкерлікті дамытуда жетістіктер жеткілікті. Жалпы, жыл көлемінде атқарылған жұмыстар аз емес. Қай салада болмасын даму, алға жылжу бар.

Былтыр пандемияға қарамастан, аймақта әлеуметтік нысандар қатары көбейіп, баспаналы болған қызылордалықтардың да саны артқан. Сонымен қатар жаңа жобалар іске асырылып, жұмыс орындары ашылды. Әрине, бұл халықтың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз. Бұл игі істер былтырғы жылдың қолайсыздық тудырғанына қарамастан атқарылды. Осы орайда біздің барша жетістіктеріміздің бастауы – бірлікте екенін айтқым келеді.

Бүгінгі күні облысымызда 35 түрлі этнос өкілдері достықта, татулықта өмір сүруде. Бірлігімізді тұмардай сақтай білсек, еліміз үшін алынбайтын белестер жоқ. Осы орайда бірлік, келісім, тұрақтылық деген маңызды құндылықтарды сақтауда және дамытуда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының орны айрықша. Бұл саясаттың аясында құрылған 11 этномәдени бірлестіктер нәтижелі жұмыс жасауда. Сонымен қатар, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және т.б. құрылымдар түрлі форматтағы шаралардың өткізілуіне белсене атсалысуда. Татулық пен бейбітшіліктің қара шаңырағына айналған Достық үйінде үнемі қоғамның түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің қатысуымен көптеген игі істер қызу атқарылуда.

Алдағы уақытта да әлі талай жұмыстар іске асады.

Рахима АХМЕТОВА,

Қызылорда облыстық ҚХА

Аналар кеңесінің төрайымы

Тағы да оқыңыз: