Kyzylorda-news.kz. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Қызылорда облысының мәдениет және өнер саласы халыққа мәдени қызмет көрсетуді онлайн түрде жүзеге асыруда. Осы мақсатта «Сыр мәдениеті» каналы ашылды.

«Әрбір өнер иесінің өз тыңдаушысы, әрбір адамның мәдениетке деген өзіндік қызығушылығы бар екенін білеміз. Осыған сәйкес, мәдени қызмет ауқымын кеңейту және қолжетімділікті арттыру мақсатында, әлеуметтік желілерге тіркелмеген тұрғындар үшін және ата-әжелеріміз үшін «YouTube» бейнематериалдар желісінде «Сыр мәдениеті» каналы ашылғандығын хабарлаймыз.

Канал арқылы Сіз облыстың мәдениет, өнер және архив  саласы бойынша жүзеге асырылып жатқан жобаларды, онлайн экскурсияларды тамашалап, онлайн концерт тыңдай аласыз. Каналдағы бейнематериалдар күн сайын толықтырылып отырады», – делінген облыстық Мәдениет басқармасы таратқан ақпаратта.

Тағы да оқыңыз: