Kyzylorda-news.kz. Тағы бір жыл аяқталуда. Алдымыздағы 2020 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаппай енгізудің бастапқы кезеңі алдымызда тұр. Жауапты кезең қарсаңында журналистер мен  блогерлер оқырмандар мен көрермендерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тақырыбын жариялау үшін «Баршаға қолжетімді медицина» шығармашылық байқауының аясында өз материалдарын ұсынады.

Мақсаты – денсаулық сақтау саласында қоғамның, мемлекеттің және бизнестің ортақ жауапкершілігі идеясын ілгерілетуге ықпал ету, медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, халықты тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы хабардар ету.

Қызылорда облысының бірқатар журналистері байқауға қатысуға ниет білдірді. Олар өздерін қызықтырған мәселелерімен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалына жүгінді.

            Филиал директоры Руслан Бектубаевтың айтуынша, байқауға республикалық және өңірлік деңгейдегі барлық қазақстандық БАҚ-тың штаттық, штаттан тыс қызметкерлері және тәуелсіз авторлар қатыса алады.  Байқауына қатысушылардың әр номинацияға бірнеше өтінім беруге мүмкіндігі бар. Байқау жұмыстары қазақ және орыс тілдерінде қабылданады.

Байқауды өткізу мерзімі: 2019 жылдың 14 қарашасы мен 14 желтоқсаны аралығы.

Барлық БАҚ өкілдерінің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының байқауына қатысуға шақырамыз. Қатысуға ниет білдіргендер бізге хабарласыңыз немесе жеке парақшаға жазуыңызды сұраймыз. Байланыс телефондар: 8 /7242/ 29-05-69, 8 705 787 08 70.

Тағы да оқыңыз: