Қызылордалық жас тілші «Егеменнің» жүлдесін еншіледі (ВИДЕО) – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық жас тілші «Егеменнің» жүлдесін еншіледі (ВИДЕО)

21.11.2019, 12:20

614 1

Kyzylorda-news.kz. Елордада «Egemen Qazaqstan» газетінің ұжымы 100 жылдық мерейтойын атап өтуде. Салтанатты шарада жас тілшілердің арасында жарияланған «Үміт» конкурсының жүлдегерлері марапатталды.

Конкурсқа қатысқан жас тілшілердің арасында әріптесіміз, «Ақмешіт жастары» газетінің тілшісі Ерасыл Шәрібек жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. 

Ерасыл Шәрібек «Egemen Qazaqstan»  газетінің тарихына үңіліп, онда қызмет еткен Қалқаман Әбдіқадыровтың қалай жұмысқа тұрғанын, Ұзақ Бағаевтың азаматтық ұстанымы туралы қызықты деректер жинақтап «Өткеннің өнегесі өшпейді» тақырыбындағы мақаласы үшін марапатталды. Жас тілшіге 300 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.

1

Пікір қалдыру