Kyzylorda-news.kz. Қызылордада вакциналау науқанына зейнеткерлер белсенді қатысып жатыр.

Тіркелген мекен-жайы бойынша емханаға өз еріктерімен келген зейнет жасындағы жандар алдымен дәрігерлердің кеңесіне жүгінеді. Медициналық тексеруден кейін ғана екпе алады. Вакцина салдырғандардың арасында 64 жастағы Михаил Караченцев те бар. Оның айтуынша, өзіне дейін жұбайы екпе алған. Қазір жағдайы жақсы. Бұдан соң, зейнеткер өзіне екпе салдыртуды ұйғарыпты. Бүгін ол екпенің алғашқы компонентін алып шықты.

«Өзімді қалыпты сезінемін. Жалпы, вакцина салдырғандардың арасында жағдайы нашарлағанын естіген емеспін. Сондықтан қорқудың қажеті жоқ. Статистикаға қарап отырсақ, қауіпті індеттің үшінші толқыны басталғандай. Ауырмаудың жолы-екпе алу», – дейді зейнеткер Михаил Караченцев.

Тағы да оқыңыз: