Қызылордалық тұрғындар шетелдік көліктерін тіркеп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық тұрғындар шетелдік көліктерін тіркеп жатыр

02.06.2020, 16:40

861 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордалықтар Армениядан әкелген көліктерін заңдастырып жатыр. Қызылордалық полицейлер Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Армениядан келген көліктерді тіркеуді бастады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысына сәйкес, Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 1 маусым – 1 қыркүйек аралығында Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелінген және Қазақстан азаматтарына тіркелген көлік құралдарын тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Екі күнде Қызылорда қаласының үш тұрғыны Армения Республикасынан әкелінген көлік құралдарын Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қажетті құжаттарды ұсынып және мемлекеттік баж төлемдерін төлеу арқылы өз көлік құралдарын тіркеді. Көлік иелеріне 11 946 теңгені құрайтын үш ғана төлем жасау керек. Бұл тіркеу жарнасы – 695 теңге, тіркеу куәлігі үшін төлем – 3 473 теңге, нөмір үшін төлем – 7 778 теңге.

Сонымен қатар, көлік иелеріне жеке басын куәландыратын құжат, 0,25 АЕК мөлшерінде мемлекеттік бажды және мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртектер, көлік құралы (КҚ) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) тіркеу туралы армян куәлігі, басқару құралын оңнан солға ауыстырылған жағдайда автомобильдің қауіпсіздік сертификаты (СБКТС) қажет.

 Есепке алынған көліктерге сары нөмір беріледі. Оң жақ рөльді көліктер тіркеуге жатпайды.

Бүгінгі таңда Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен тұрғындарға кеңес беріліп, Call – орталығы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0

Пікір қалдыру