Kyzylorda-news.kz. Ақпанның алғышқы күндері Сыр өңірінде күн қабағы жылы шырай танытты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай кезде өзенде мұз еріп, сең козғалуы мүмкін. Əсіресе, көктем шыға құтқарушылардың жұмысы қыза түседі. Қалай дегенмен, тасқынға тосқын болып, елді мекендерді қорғап қалу маңызды. Оқыс жағдайларда абдырап қалмау үшін қызылордалық құтқарушылар дайындықты бір пысықтап алды.  

Қармақшы ауданы аумағында өзен иіндері көп. Мұз еру кезінде су деңгейі кенеттен көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдай биылдың өзінде бірнеше рет қайталанды. Бүгінгі техникалар мен қажетті инерттік материалдарды түгендеп, дайындығын тексерудің де бір себебі осы. Дария жағасына қаз-қатар тізілген ауыр техникалар қандай да бір оқыс жағдай кезінде бөгеттерді нығайтып, мал мен жанды аман алып қалу үшін жұмылдырылмақ. Жер қазып, топырақ тасып, адам мен төрт түлікті қауіпсіз жерге қажетті техникалар да жеткілікті.

Синоптиктер өңірде алдағы 5 күн бойы жылы ауа райының сақталатынын мəлімдеп отыр. Түнде – 1, ал күндіз +7-10 градусқа дейін көтеріледі. Демек, бұл күндері төтенше жағдайлар қызметі де жоғарғы дайындыққа келтірілетіні сөзсіз.

Тағы да оқыңыз: