Kyzylorda-news.kz. Өрт сөндіру қызметтің құтқарушылары және екі кинологиялық есептобы Қорқыт ата әуежайының аумағы және далалық жерде «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп МИ-8Т тікұшағын пайдаланып, жаттығу жұмыстарын жүргізді.  

Жаттығу алдында МИ-8Т тікұшағының командирі құтқарушыларға қауіпсіздік техникасы ережелері, отыру және тікұшаққа қажетті құтқару құрал-жабдықтарды тиеп-түсіруді өткізу бойынша нұсқау өткізді. Осыдан кейін құтқарушылар MИ-8T тікұшағынан альпинисттік құралдарды және түсу құрылғыларымен төмен қарай түсті. Тікұшақтан парашютсіз жіппен десанттау құтқару жаттығуларының маңызды элементі болып табылады. Ол құтқару тобын әуе кемесінің жерге қонуға мүмкіндігі болмаған күрделі және қиын жерлерде түсіруге арналған.    Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған кезде, құтқарушылар үшін уақыттың әр минуты қымбат. Сондықтан құтқарушылар түрлі қызмет салаларында өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруді жалғастырады.                                                                         

Жаттығу қорытындысында құтқарушылар апатты жағдайда қалған азаматтарды құтқару және іздестіру бойынша өз кәсіби шеберліктерін көрсетті.

Тағы да оқыңыз: