Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы 18 колледжде білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттердің денсаулыққа зияндылығын түсіндіру мақсатында бірлескен жұмыстар жүргізілді. 

Түсіндірме жұмыстарын Жергілікті полиция қызметі басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдер өткізді.

Басты мақсат – білім беру ұйымдарында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін сақтау, зиянды әдеттерден сақтандыру бағытында жұмыстар жүргізу, ақпараттандыру-әдістемелік көмектер беру болып табылады.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Әкімшілік кодексіне жаңадан енгізілген 434-2-бабы, яғни ортақ пайдаланылатын орындарды ластау туралы кеңінен ақпарат берілді. Мәселен, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

Сонымен қатар алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. Он сегіз жасқа толмаған адамдардың қоғамдық орындарға масаң күйде келуі, сол сияқты олардың алкогольдік ішімдіктерді ішуі ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алынады.

Тағы да оқыңыз: