Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер кезекті тойды тоқтатты.

Шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан​ тығылып​ той жасау деректері​ тыйылмай тұр.​Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік мониторингтік топпен жүргізілген тексеру барысында өткен демалыс күндері​ карантин талаптарын бұзудың 31 дерегі анықталды.​ ​ ​ ​

​​Мәселен, демалыс күндері Жалағаш кентінің өзінде қыз ұзату, үйлену тойы, бесік той, құдалық ​ өткізіліп жатқаны анықталды.

Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл тойларды дер кезінде тоқтатты. ​

Той иелерінен түсініктемелері алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.​

Тағы да оқыңыз: