Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады.

Тәртіп сақшылары қала орталығының тұрғынының үйін тексеру кезінде ауласында және гаражында есірткі затына ұқсас өзіне тән хош иісі бар, өсіруге тыйм салынған, күтіп-бапталған өсімдіктерін анықтады. Оның ауласынан 189 түп есірткі өсімдігіне ұқсас өсімдіктер, сондай-ақ үй ауласындағы гараж ішінен газет қиындысына оралған жасыл түсті өсімдік тәріздес 2-дана зат, есірткі тұтынуға арналған құрал табылды. 

Жүргізілген сараптама нәтижесінде 189 түп өсімдік «сора» екені белгілі болды, ал гараждан алынған өсімдік «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Тағы да оқыңыз: