Қызылордалық полицейлер 724 жолаушыға көмек көрсетті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық полицейлер 724 жолаушыға көмек көрсетті

11.12.2019, 15:00

285 0

Kyzylorda-news.kz. 10 желтоқсан күні «Самара-Шымкент» тасжолының 1240 – 1646 шақырымдар аралығында, яғни Қызылорда облысы Қармақшы ауданынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралықта ауа-райының қолайсыздығына байланысты барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автомобиль жолында  Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері оқыс оқиғалардың алдын алу үшін тәулік бойы патрульдеу және бақылау жұмыстарын жүргізу үшін дереу күшейтілген кезекшілікке қызметке түсті.     

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жолдың 400 шақырым аралығын жауып, тәулік бойы жұмыс жасады.  Нәтижесінде 440 жүк көлігі, 156 жеңіл және 10 қоғамдық көліктерге көмек көрсетті.  Жалпы 600-ден астам көліктің 724 жолаушысына, оның ішінде 240-қа жуық әйел мен 35 балаға көмек көрсетілді.  Кезекшілік жасап жүрген полиция қызметкерлері оларды  жақын маңдағы кешендерге жеткізіп, ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, жайғастырды.  

Көліктер автотұрақтарға қойылды. Көктайғақ салдарынан қойылған шектеуге байланысты  6 полиция экипажы тәулік бойы жұмыс жасады.   

Бүгін жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден бастап көктайғаққа байланысты жабылған жол ашылып, қозғалыс қайта жанданды. Жүргізушілер мен жолаушылар сапарларын  одан әрі жалғастырды.

0

Пікір қалдыру