Kyzylorda-news.kz. «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Білім және инновация» атты инновациялық идеялар мен жобалар байқауы өтті.

Байқау  Қызылорда   қаласындағы   жалпы   білім  беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары және химия биология бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі және жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды.

Қатысушы үміткерлер IT технология, робототехника, география,  физика,  химия,  биология,  экология,  информатикасалалары бойынша тың жобалары (автокөлік, өндіріс, ауылшаруашылық, су көлігі, құрылыс, жылу-электр энергетикасы, авиация, космонавтика) мен идеяларын ұсынды.

Байқауға қала көлемінде 38 инновациялық жоба ұсынылды.

Қазылар ақласының шешімімен I – орын Диляра Оңайбек, Сая Сламғалиға бұйырды. II – орынды Мәди Нұрмұхаметов, Анель Талғат ие болды. III – орынды  Ергеш Алтынбек алды.

Шара жеңімпаздары ұйымдастырушылар тарапынан жүлделі орындармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз: