Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер еріктілер қызметін дамытуға атсалысты – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық мемлекеттік қызметшілер еріктілер қызметін дамытуға атсалысты

10.02.2020, 11:20

502 0

Kyzylorda-news.kz.  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы ұжымдары #Игіістеруақыты бастамасымен төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына атсалысты.

Ешкімге жасырын емес, әр жыл сайын қыс-көктем айларында Сырдария өзенінің бойындағы кейбір елді-мекендерді су басу қауіп төнеді. Осындай табиғи апаттың алдын алу мақсатында Департамент пен Филиал қызметкерлері Қызылорда қаласының тұсындағы дарияның бойындағы қауіпті болып саналатын 5 аумақтың бірінде жағалау нығайту жұмыстарына көмектесті. Кеңсе қызметкерлері қаптарға топырақ толтырып, олардан бөгет жасады. Жұмыстардың барысына төтенше жағдайлар саласының мамандары жетекшілік етті.

«Волонтерлік бізге жат емес. Халқымызда ата-бабамыздан келе жатқан асар жасау, жылу жинау, ерулік беру секілді ізгі дәстүрлер бар. Біздер «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп, кез-келген уақытта ағайын-туысқа, дос-жаранға, көрші-қолаңға көмегімізді аямаған халықтың ұрпағымыз. Биыл Еріктілер жылы аясында қоғамға пайдалы шаралар жасалуда. Бізде осындай игі шаралардан құр қалмайық деп, бүгін Қызылорда қаласы төңірегіндегі Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті аумақта жағалауды нығайту жұмыстарына көмектестік. Әрине, су тасқыны, бұл – тілсіз жау және оның алдын алуда облысымызда тынымсыз жұмыстар жүруде. Бұл үшін арнайы құрылымдар да бар. Дегенмен, төтенше жағдайлардың алдын алуға атсалысып, қол көмегімізді көрсетуді жөн санадық. Еріктілер білім, медицина, мәдениет, спорт, экология, әлеуметтік қайырымдылық және басқа да бағыттарда көмектерін көрсетуде. Сол себепті, Еріктілер жылы аясында сырбойылықтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді игі істерге, қайырымдылық шараларына барынша атсалысуға шақырамын», – деді Департамент басшысы Нұрман Талқанбаев.

Осы кезге дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында еліміздегі мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасының бастау алғанын хабарлаған болатын.

Еріктілер жылында сырбойылық мемлекеттік қызметшілер арасында #Игіістеруақыты бастамасымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

0

Пікір қалдыру