Қызылордалық көп балалы аналар Елбасына алғыс айтып, хат жазды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордалық көп балалы аналар Елбасына алғыс айтып, хат жазды

22.03.2020, 17:30

1105 1

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Баламекен ауылының көп бала аналары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әлемді алаңдатқан коронавирус індеті кезінде халықтың аз қамтылған санаттарын қолдауды тапсырғаны үшін алғыстарын айтып, хат жолдады.

«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біз, Қызылорда облысының аналары, соның ішінде Баламекен ауылының тұрғындары, көп балалы аналар Сізге шын ниеттен туған ақ тілегімізді арнаймыз!

Әлемді әлекке салған індеттің таралуынан халқымызды аман сақтап қалуға, ел болып жұмылуға шақырған Үндеуіңізді біздер қолдаймыз», – делінген аталған хатта.

Сырбойылық аналар одан әрі Елбасының «BizBirgemiz» бастамасын ыстық ықыласпен қабылдап, Тұңғыш Президенттің осынау қиын кезеңде баршаға үлгі көрсеткенін жеткізген.

«Жақсыдан – шарапат» деген осы болар, карантин уақытында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы халықтың аз қамтылған санаттарын қолдауға тапсырма бердіңіз. «BizBirgemiz» деп аталған бастамаңыз аясында тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға жасап отырған қолдауыңызды қызылордалық көп балалы аналар ыстық ықыласпен қабылдадық.

Қазіргі тығырықтан да, Сіз және Сіз бен біз болып сенім артқан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы және елдегі бірлігіміз арқылы елді аман алып шығатынымызға біз кәміл сенеміз.

Сізді Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, Сізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, елімізге жарқын болашақ тілейміз!», – деген қызылордалық көп балалы аналар.

Айта кетейік, аталған ризашылық хатқа қызылордалық аналардың атынан Баламекен ауылының 20-ға жуық көп балалы аналары қол қойған.

1

  • Кызылордада Баламекен деген жер барма не, болса айтыныздарш биле журейик не ауыл екенин. Кызылорда каласы тургынымын бирак ешкашан естимеппин

Пікір қалдыру