Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Ақорда.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар.

Қызылорда облысы «Еңбек жер» ЖШС директоры Шакизатхан Ысқақов «Құрмет» орденімен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: