Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2022 жылдың 24 мамырдағы № 67-жқ бұйрығымен “Қызылордажылуэлектрорталығы” МКК директоры лауазымына Усаин Медет тағайындалды.

Усаин Медет 1987 жылы Қызылорда облысы, Қызылорда қаласында туған. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиясы», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының «Көлік инфрақұрылымын дамыту және мониторинг» бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2011-2012 жылдары – Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика және газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің штаттан тыс инспекторы.
2012-2014 жылдары – Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының жер қойнауын пайдалану бөлімінің бас маманы, Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергетика бөлімінің басшысы.
2014-2015 жылдары – Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының газ инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
2016-2020 жылдары – Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басқарма басшысы.
2020-2021 жылдары – Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басқарма басшысы қызметін атқарды.
2021 жылдың 26 шілдесінен бастап Қызылорда облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Тағы да оқыңыз: