Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы инфекциялық стационар төсек-орындарының жүктемесі 61%-ке жетті.

Жансақтау бөлімдері 47%-ке толып, науқастардың жартысына жуығы ауыр халде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша дерті асқынғандардың барлығы вакцина алмаған азаматтар екен. Қазіргі таңда аймақтағы денсаулық сақтау нысандарында 800-дей қызылордалық дертпен күресу үстінде, тағы мыңнан астамы үйінде емделіп жатыр. Жұқпалы аурулар аурханасына науқастар сыймағандықтан облыстық және қалалық көпбейінді медициналық орталықтан қосымша төсек-орындар дайындалған. Жалпы соңғы мәлімет бойынша өңірде 210 мыңдай сырбойылық ковидке қарсы вакцина салдырған. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін тағы осы шамада тұрғындар екпе алуы қажет дейді,- мамандар. 

«Үлкен жастағы адамдар және жүкті әйелдер, балалар арасында коронавирус инфекциясының таралуы көп болып отыр. Бұл дегеніміз адамдардың вирусқа қарсы иммунитетінің әлсіздігін көрсетеді. Вакцина алғандар стационарға түсіп жатқан жоқ», – дейді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шайымбетов.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: