Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Қызылорда қаласындағы бірқатар балабақшаларда «Тілді сүю – талбесіктен» акциясын өткізді.

Шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, бүлдіршіндердің  мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.

Акция барысында  «Сыр шуағы», «Баларман» балабақшаларының ұжымдарына «Даналық әліппесі» – электрондық оқулығы, оқу – әдістемелік құралдары, сонымен бірге, бүлдіршіндердің танымын, ой – өрісін кеңейтуге арналған түрлі  қазақ ертегілерінің  жинақтары, қазақ тілін ойын арқылы үйренуге және сөздік қорын молайтуға бағытталған «Шаңырақ» лингвистикалық үстел ойыны жиынтығы тарту етілді.

Тағы да оқыңыз: