Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Бәйтерек-2» шағын ауданындағы көлемі 150 гектар болатын 1267 жер учаскесіне инфрақұрылымдар жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов мәлімдеді.

«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 2005 жылғы өтініш жазған азаматтар тарапынан қалалық жер қатынастары бөліміне қажетті құжаттарын өткізген барлығы 4900 құжат жерге орналастыру жұмыстарын орындауға жолданып, 3953 азаматқа «Бәйтерек» – 1-3-4 тұрғын аудандарынан жер табыстау туралы қала әкімдігінің қаулы жобасы қабылданды. Қазіргі таңда жер актісін рәсімдеп алған азаматтар саны 3913 құрауда», – дейді Жақсылық Ержанов.

Сонымен қатар 2019 жылдың 10 қыркүйегінде облыс көлемінде алғаш рет, облыстық кәсіпкерлік палатасы алаңында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөнінде конкурс ұйымдастырылып жалпы көлемі 1 738 гектар құрайтын жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Бұған қоса, ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жер пайдаланушылары үшін «Qoldau.kz» сайты жұмыс істеп тұрғаны хабарланды.

Тағы да оқыңыз: