Kyzylorda-news.kz. Ішкі істер министрінің бұйрығымен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының штат саны тиесілік нормаларына дейін жеткізілді.

Көрсетілген топтың қызметкерлері әйелдерге қатысты жасалған құқық бұзушылықтың профилактикасы бойынша полиция органдары қызметтерінің жұмысын жалпы үйлестіруді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерді жеке қабылдауды жүзеге асырады.

Осыған орай, полиция департаменті халық арасындағы ақпараттық жұмыстар барысын жандандыру, құқықтық көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша, назарларыңызға Қызылорда облысы көлемінде(Қызылорда қаласы, Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) жауапты қызметкерлердің байланыс құралдарын жариялады.

Тағы да оқыңыз: