Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК–нің электр энергиясын өндіру және тұтыну кестесіне сәйкес қала тұрғындары тұрақты жылумен қамтылған.

ҚР ЭМ АЭҚБК Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің хабарлауынша, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-нің 2020 жылғы 16 қаңтардағы жедел ақпаратқа сәйкес  жылу электр орталығы (ЖЭО) бойынша электр энергиясын өндіру 24,5 МВт орташа тәуліктік сағаттық қуатты құрайды, газтурбиналық электр станциясы бойынша электр энергиясын өндіру 25,6 МВт орташа тәуліктік сағаттық қуатты құрайды. Электр станциялары белгіленген режимде тұрақты және сенімді жұмыс істеуде.

Тағы да оқыңыз: