Kyzylorda-news.kz. «Өмір сүру сапасы ең алдымен тұрғын үй жағдайын жақсартуды талап етеді». Елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов осылай деді.

Соңғы 3,5 жылда Қызылорда облысының аумағында 2 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген. Биылдың өзінде 48 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүруде. Бұл тұрғын үйлерде барлығы 2000 пәтер болады. Оның 1738 пәтерлік 40 тұрғын үйі жыл соңына дейін, оның ішінде қазір қарқынды құрылыс жүріп жатқан Сырдария өзенінің сол жағалауындағы «жаңа қалада» іске қосылмақ.

«Осы арада айта кетсем деймін. Бұған дейін облысты абыроймен басқарған мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Елбасы тапсырмаларын, Мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламаларын оңтайлы, сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында сол жағалауда жаңа қала салу туралы бастама көтерген болатын», – деп атап өтті Қ. Ысқақов.

Облыс әкімінің айтуынша, сол жағалауды игерудің бастамасы ретінде бүгінде Сырдария өзенінің екі жағалауын ұштастыратын жаңа автомобиль көпірі іске қосылған.

2018 жылы сол жағалауда 1925 жылы «Қазақ» халқын қайта атау туралы тарихи шешім қабылданған Қазақ Орталық Атқарушы Комитетінің бұрынғы ғимаратының сызбасы негізінде қаланған Рухани жаңғыру орталығы бой көтерді.

Сондай-ақ, биыл Жастар ресурстық орталығы пайдалануға берілген.

Тағы да оқыңыз: