Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қатерлі АИТВ/ ЖИТС дертінің алдын-алу , оның жұғу жолдарынан сақтану, қорғану мақсатында 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Қоғамдастықтың маңызы» ұранымен түсіндірме шаралары өтуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялр қызметінің ақпарат алаңында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Салтанат Балықбаева.

«Үстіміздегі жылдың 10 айында адамның иммундық тапшылық вирусы салдарынан 15 адам анықталды. Оның 7-і ер адам, 8-і әйел адам. Вирустың жұғу жолдары: спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде және көп мөлшері қанмен келеді. Яғни, жыныстық қатынас арқылы, есірткі тұтыну , анасынан нәрестеге жұғуы арқылы.Сонымен қатар,адамдар өзіне, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарамайды, мінез- құлықтың қауіпті түрлерін жүргізеді», – деді Салтанат Шамиқызы.

Сонымен қатар, сала мамандары зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтынұстануға шақырды.

Тағы да оқыңыз: