Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде тұрақтануда.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудың арқасында жыл басынан бері 12 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 3348-і тұрақты жұмыс орындары.

Айта кетейік, жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтары арқылы 468 мүгедек жұмыспен қамтылды, оның 57-сі тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Бизнес проблемалары жұмыссыздыққа және табыстың төмендеуіне әкелетінін ескере отырып, шағын орта бизнесті дамыту мақсатында облыстың 2023 жылға дейінгі Экономикалық даму картасын іске асыру жалғасуда. Бағдарлама аясында бизнеске 4600-ден астам тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін жалпы құны 271 млрд. теңге болатын 400 жоба ұсынылды. 7 млрд. теңге құрайтын 89 жоба 2020 жылы іске асырылды, 1047 жұмыс орны құрылды. Бүгінде 13 млрд. теңгеден астам сомаға тағы 96 жобаны іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл шамамен 900 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Тағы да оқыңыз: