Қызылордада жол апатынан үш адам қаза тапты – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жол апатынан үш адам қаза тапты

04.03.2020, 10:20

619 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алды. Қайтыс болғандар бар,  деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 4 наурызында сағат 00:30 шамасында «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылы тұсында «Ваз-21214 Нива» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, қарама-қарсы бағытта келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігіне соқтығысқан. Салдарынан үш адам қайтыс болды, бес адам жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 4-бөлігімен (Абайсызда екі адамның немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің таратқан хабарламасында.