Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тәртіп сақшылар жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасымен табыстырды.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 31 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ұлының үйінен шығып кетіп, қайтып келмегені туралы полицияға хабарлаған.

Жасөспірімді іздеу шараларына аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, білім бөлімінің қызметкерлері, еріктілер қатысты. Іздеу барысында ауданның барлық ауылдары мен жолдары, вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды. Іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған бала таңғы сағат 05:30 шамасында табылды. Жасөспірімнің үйден кету себептері анықталып жатыр.

Тағы да оқыңыз: