Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жезөкшелікпен айналысқан үш ер адам есепке алынды.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өңір бойынша «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Облыс аумағында атқарылған жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде адам саудасына байланысты 4 қылмыс тіркелсе, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі анықталды. Сонымен қатар жеңгетайлықпен айналысудың үш фактісі тіркелді.

Рейд жұмыстары барысында қоғамдық орында тиісудің 43 дерегі анықталып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 449-бабы негізінде, яғни, қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен айналысуға тұрғын үй ұсынғаны үшін төрт азаматша анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында бір адам жеңгетайлықпен және 10 адам жезөкшелікпен айналысқаны үшін есепке алынды. Олардың үшеуі ер адам. Яғни, есепке алынған үш ер адам жөзекшелік қызмет көрсеткен.

Бұл бағытта жұмыстардың жүргізілуі өз жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: