Kyzylorda-news.kz. ҚР заңнамаларына сәйкес пайдаланбаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланған жер учаскелері бойынша жер салығы он есе ұлғайтылады.

Қызылорда қаласында жыл басынан бері жер учаскелерін пайдалануда заң талаптарын бұзған 50 заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлерге 10 еселенген мөлшермен 38,8 млн.теңге қосымша жер салығы салынды.

Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің дерегінше заң талаптарын бұзған 195 жеке тұлғаға 19,5 млн.теңге қосымша жер салығы есептелген.

Тағы да оқыңыз: