Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «КаМАЗ» жүк көлігі мен «Mazda» автокөлігі соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі жарақат алып, қалалық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы Қорқыт ата және Жұмабаев көшелерінің қиылысында болды. «КаМАЗ» жүк көлігінің иесі солға бұрылу барысында қауіпсіздік талабын сақтамаған.

«Жүк көлігі жүргізушісіне қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Жинақталған құжаттар сотқа жолданды», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: