Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласындағы Арай мөлтек ауданы Сырдария көшесінде 12 жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Шақырту орнына жедел жеткен Өрт сөндіру қызметі өрт оқиғасы қатты жел салдарынан Сырдария және Арай көшелерінде көршілес орналасқан 12 жеке тұрғын үйдің аулаларындағы жеміс ағаштарына көшіп, жанғандығын анықтады.

«Күш-құралдары сауатты жұмылдырылып, өрт сөндірушілердің нақты әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде тұрғын үйлерге қауіп төндірген өрт дер кезінде сөндірілді. Оқиға орнына Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінен 13 қызметкер 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жұмыс жасады. Абырой болғанда өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – делінген ТЖД хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: