Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінде сотталғандар арасында тігіншілер байқауы өтті.

Байқаудың ережесі бойынша қазақ әйелдерінің камзолына өрнек таңдау, сан алуан өрнекпен  бедерлеу. Бұл байқауға 6 жазасын өтеуші қатысты.

Шара барысында ер азаматтар өзара сынға түсіп, қолөнерге жақын екендіктерін байқатты.

Әділ қазылардың шешімімен ою-өрнектерді дұрыс таңдап, көркемдеп  тігуде көзге түскен жазасын өтеушілерді марапаттады.

Жүлделі І орынды жеңіп алған сотталушы 2019 жылы «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша диплом алған. Қазіргі таңда мекемдегі «Тігін цехында» жұмыс істейді. Ол еңбегіне қарай жалақы да алады.

Ал, бүгінгі шара оның жігерін шыңдап, қоғамдық өмірге бейімделуіне оң ықпал етті.
Қазіргі уақытта Қызылорда қызмет көрсету және сервис коллледжінен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша 24 жаза өтеуші білім алуда.

Тағы да оқыңыз: