Kyzylorda-news.kz. ЗК-169/1 тергеу изоляторында жазасын өтеуші бұрыңғы әйелімен қайта некелесті. Ол отбасылық жанжалдан кейін ішімдік ішіп, қалай қылмысқа барғанын білмей де қалады. Сот үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Соңында ерлі зайыптылар ажырасып тынады.

 «Ажырасуымызға себеп болған, менің жасаған қылмысым. Әйелімді кінәламаймын, ол да ашумен некемізді бұзуға арыз берді. Бірақ, ортақ төрт баламыздың  болашақ тағдырын ойлағандықтаан міне, екеуміз қайта қосылдық. Бұл маған үлкен қуат беріп, бостандыққа деген сенімімді арттырады. Жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін»- деді жазасын өтеуші.

«Біздің тергеу изоляторына келіп түскен жаза мерзімін өтеушілер арасында , өз әйеліме қайта некеге тұру да болып тұрады. Бұл жолы екі тараптан да  өтініш қабылданып, тиісті АХАЖ бөліміне жолданды. Арада кәмілетке толмаған 4 баланың болуына байланысты некеге тұру өтініштері тез арада мақұлданды. Тиісті сала мамандары тергеу изоляторына келіп әйелі шақыртылып, неке куәлігі қайта табысталды» – деді мекеменің заңгер маманы Т.Өтегенов.

 Мекемеде сотталғандар әлеуметтік байланыстарын сақтайды. Ерлі-зайыптылар арасындағы сенімділікті арттыру мақсатында, бұл  жұпқа ұзақ мерзімді кездесу ұйымдастырылған.  Мұндай кездесулер сотталғанның көңіл-күйіне жақсы әсер етеді.

«Ішкі ережелерді бұзбай, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға немесе қоныс колонияға ауысуға тырысады. Жаза басып, жаңылысқандарға деген туыстарының осындай  моральдік тұрғыдан қолдауы құптарлық», – деді  мекеме бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, әділет майоры Қ.Олжабаев

Тағы да оқыңыз: