Қызылордада жастарға түсіндірме жұмыстары жалғасуда – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жастарға түсіндірме жұмыстары жалғасуда

13.10.2021, 17:40

215 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен ақпараттық түсіндірме топ мүшелерін қатыстыра отырып, білім беру ұйымдарында жастармен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты кезекті жолдауын жастарға насихаттау, сонымен қатар жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және діни сауаттылығының жоқтығынан теріс діни ағымның жетегінде кетіп жатқан жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Кездесуде «Өркениет» медициналық колледжінің және «Абылайхан» атындағы жоғары колледжінің студент жастарына облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Жастар шығармашылығы және бұқаралық спортты дамыту» бөлімінің басшысы Әлиби Басаров «Бүгінде жастардың қызығушылықтары қай салада? Шығармашылық ортаға қалай тез бейімделу керек? Жетістікке жету үшін бүгінгі жастарға не жетіспейді?» деген сынды сауалдарды қамти отырып, бүгінгі жастар арасындағы негізгі мәселелерді айтып, сөз соңын түйіндеді. Сондай-ақ, жастар арасында қылмыстық әрекеттер де жоқ емес. Соның алдын алу мақсатында ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция майоры С. Исаев қандай да қылмыстың өтеуі жаза екенін сонымен қатар, жетістікке тек тәртіп пен білімнің нәтижесінде жететінін жеткізді.

Осы ретте, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» дінтанушы маманы Асхат Ерубай қатысып, бүгінде жастардың тез иланатын ортасы әлеуметтік желі екенін атап айтты. Сондықтан қандай да бір ақпаратты алар немесе, бөлісер алдында көз жеткізіп алғаны абзал екенін алға тартып айтты.

Кездесу соңында ақпараттық түсіндірме топ мүшелері аталған тақырыптар төңірегінде бірқатар мәселелерді талқылап, жастарды теріс әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

0

Пікір қалдыру