Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 8 сәуір күні сағат 18:30 шамасында 18.02.2004 жылы туған Серикбаева Ғалия Нуртуғанқызы жұмыс орнынан белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмауына байланысты Қызылорда облысының Полиция департаменті іздеу салады.

Белгілері: бойы 1,60 см, орташа денелі, шашы белден келеді. Ашық қоңыр түсті, көзі қоңыр түсті қысыңқы, қара торы келген. Киген киімдері: қызыл түсті куртка, қызыл түсті көйлек, қара түсті джинсы шалбар, аяғында қызыл түсті кроссовка киген.

Жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25 немесе 102.

Тағы да оқыңыз: