Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының тұрғыны сот үкімімен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жасырын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалды.
Ұрлық жасаған күдікті өткен жылдың тамыз айында Қызылорда қаласындағы зауыттардың бірінен жалпы құны 3 млн 100 мың теңге тұратын 11 дана вольфрам өзектерін ұрлап, оқиға болған жерден ізін суытқан.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде анықталған күдікті сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде жасаған қылмыстық әрекетін мойындамаған. Дегенмен Қызылорда қалалық Полиция басқармасының аға тергеушісі полиция аға лейтенанты Нұржан Өмірзақтың кәсіби біліктілігінің арқасында және тағайындалған сот-сараптамаларының қорытындыларымен, жүргізілген барлық қажетті тергеу әрекеттерімен күдіктінің қылмыстық іс-әрекеті толығымен дәлелін тапты.