Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында ірі мөлшерде заңсыз спирт сатудың жолы кесілді.

Бұл деректі Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті мамандары анықтады. Шиелі ауданының тұрғыны еліміздегі төтенше жағдайды жеке пайдасына жаратпақшы болған. Бес литрлік әрбір бутыль ыдысына құйылған спирт 1800 теңгеден, яғни көтеріңкі бағамен сатылған. Тексеріс барысында 77 бутыль ыдысына құйылған 385 литр спирт айналымнан алынды.

«Аталған заңсыздық бойынша материал Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді. Заңсыз спирт сатқан адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 463 бабы бойынша тиiстi тiркеусiз кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқан үшін жауапкершілікке тартылады. Ал тәркіленген этил спирті залалсыздандыру құралдарын дайындауға пайдалану үшін Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасына беріледі»,- деп атап өткен департаменттің баспасөз қызметі.

Тағы да оқыңыз: