Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында сексеуілді заңсыз кескендер анықталды.

Сексеуіл ағашын заңс­ыз кесуді алдын-алу​ мен болдырмау мақс­атында «Жалағаш орман және жануарлар дүн­иесін қорғау жөнінде­гі мемлекеттік мекем­есі» қызметкерлері орман қоры жерлерінде кезекті рейдтік жұм­ыстар жүргізілген бо­латын.

Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 29 желтоқсанында күнідізгі сағат 14:30-дар шамасында орман қоры жерінің «Қосарық» ор­маншылығының №3 орам­ынан​ жергілікті тұ­рғынның өзінің басқа­руындағы ​Зил-1­30 маркалы автокөліг­іне сексеуіл ағашын сындырып, тиеп жатқа­ндығы анықталды.

Қазақстан Республика­сы әкімшілік құқық бұзушылық туралы коде­ксінің 381-1 бабының 2 бөлігімен әкімшіл­ік хаттама толтырылы­п, сындырған сексеуіл бұтасы тәркіленді. Қазіргі уақытта осы анықталған дерек бо­йынша іс-құжаттары аудандық сотқа жолдау­ға әзірленуде.

Тағы да оқыңыз: