Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Шара барысында, 4826 қару иелері мекен-жайларынан тексеріліп, 84 әкімшілік құқық бұзушылықтар  анықталды. 

Әкімшілік кодексінің 482 (қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы) бабымен, заңсыз айналымнан 24 қару тәркіленді.   

Айдарлы ауылының 26 жастағы тұрғынының сарайында ІІО-да тіркеуде жоқ, 2-ұнғылы, 16-калибрлі аңшы мылтығын заңсыз сақтағаны үшін алынды. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы  жалдамалы пәтерді тексеруде 28 жастағы азаматтың ІІО-да тіркеуде жоқ 8 мм газды тапаншасын 8-дана оғымен заңсыз алып жүргені анықталған. 

Сонымен қатар, кодекстің 484 бабымен (қаруды сақтау  ережесін бұзу) 26 азаматқа, 486 бабына сәйкес (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 34 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Тағы да оқыңыз: