Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында Ұлттық валюта күніне орай  көпсалалы  «Ұлағат  Қызылорда»  колледжі мен  Александр Пушкин  атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен  колледж студенттері арасында  «Ұлттық теңгені қалыптастыру» атты  сайыс өтті.

Оған  М.Мәметова атындағы  Қызылорда гуманитарлық жоғары  колледжі,  И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі,  «Болашақ» университетінің жоғары колледжі,   «Ақмешіт»  колледжі,  Қызылорда инженерлік техникалық колледжі және  Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі қатысты.

        Сайыс қорытындысымен І орынды М.Мәметова атындағы  Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің білім алушылары жеңіп алды. ІІ орын  «Болашақ» университетінің жоғары колледжіне бұйырып, ІІІ орынды И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің  студенттері иемденді.  

Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі,  Ақмешіт  колледжі, Қызылорда инженерлік техникалық колледжі  белсене қатысқаны үшін  алғыс  хатпен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: