Қызылордада ұры қылмыс үстінде ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада ұры қылмыс үстінде ұсталды

02.03.2021, 15:20

456 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында дүкенге ұрлыққа түскен ұры қылмыс үстінде қолға түсті.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1-наурыз күні сағат 05:07 шамасында 40 жастағы азаматшадан үй жанындағы дүкен ішінде белгісіз біреудің жүргені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы дүкеннің терезесіндегі темір торын бұзып, пластик терезесін күштеп ашып кіріп, ішіндегі заттарды ұрлауға оқталған ер азамат ұстады. Күдікті 20 жастағы облыс орталығының тұрғыны екені белгілі болды. Ол Полиция басқармасына жеткізіліп, оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 бөлігіне және 188 баптың 2 бөлігіне сәйкес (Ұрлыққа оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Жәбірленуші полицейлерге кәсіби шеберліктері үшін, сондай-ақ атқарылған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

 

0

Пікір қалдыру