Kyzylorda-news.kz. Қызылордада былтыр ұрланған бірнеше малды тауып берген полиция қызметкерлеріне мал иесі алғыс айтты.

Қызылорда облысының Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел уәкілдер Алмат Тоқабаев, Нұрбол Балымбетов және учаскелік полиция инспекторлары Еркін Әбдіқасов, Жеңіс Ұзақбаевтар бірлесіп, Тұрмағанбет ауылы тұрғынының былтыр 2019 жылдың қазан айында өрісте жайылып жүрген сиырын және Қармақшы ауданы Қармақшы ауылы тұрғынының қорасынан 2020 жылдың қаңтар айында ұрланған қойларын іздестіру жұмыстарының нәтижесінде тауып берген.

Күдіктілер анықталып, қылмыскерлердің заңсыз іс-әрекеттері дәлелденіп, қылмыстық іс сотта қаралып, шешім шығарылды.

Ауыл тұрғындары ұрылардың ұсталып, олармен келтірілген шығын қайтарылғанын айтып, қызметіне деген жауапкершілік үлгісін танытқан полиция қызметкерлеріне өздерінің алғысын әлеуметтік желілер арқылы бейнежазбаларында білдіруде.

Тағы да оқыңыз: