Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы бойынша Жол картасында 2025 жылға дейін 25 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтау, 2 нысанға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, ана мен бала өлімін азайту мәселелердің барлығы түбегейлі қаралған.

Бүгін осы мәселелердің орындалуын қадағалау мен алдағы міндеттеді пысықтау мақсатында облыстық партия филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Жиында өңірде осы бағытта атқарылған жұмыстар төңірегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлы хабарлама жасады.

Тағы да оқыңыз: