Kyzylorda-news.kz. Қызылордада қала тұрғыны 22 наурызда үйінің ауласында той өткізген. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазіргі таңда Қызылорда қаласында төтенше жағдай режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жедел штаб құрылған. Штаб мүшелері 16 наурыздан бастап түнгі рейд жұмыстарын жүргізіп келеді.

“Облыстық полиция департаменті аймақтағы 300-ге жуық кафе мен мейрамхананы тексеріп шықты. Төтенше жағдай режиміне қарамастан түнгі уақытта жұмыстарын жалғастырған 6 кәсіпкерге тиісті шаралар қолданылды”,-делінген Қызылорда қаласы әкімдігінің таратқан мәліметінде.

Тағы да оқыңыз: