Kyzylorda-news.kz. Қызылордада жергілікті туристік фирмалардың өкілдерімен кездесу өтті.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы «Орда тур», «Оазис» туристік фирмалардың өкілдерімен облыс аумағында және Байқоңыр қаласында ішкі туризмді дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесуге Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Н.Адасев пен Байқоңыр қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының басшысы Е.Гертер қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты өңірімізде ішкі туризмді дамыту, ішкі туристік маршурттарды жандандыру және осы бағыттар бойынша негізгі мәселелер талқыланып, нақты міндеттер мен шаралар анықталды.

Шара аясында туристік фирма өкілдеріне «Қорқыт Сазы және Байқоңыр қаласы» туристік маршруты арқылы ақпараттық-тур ұйымдастырылды.

Тағы да оқыңыз: