Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «112» нөміріне О.Исаев көшесіндегі №18 үйден өрт шыққандығы жөнінде хабарлама түскен.
Оқиға орнына №5 өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік есебі барып, барлау жұмыстарын жүргізді. Тексеру кезінде тұрғын үйдің ағаштан салынған сарайы жанып, соның салдырынан көрші үйдің жалпы көлемі 30 шаршы метр болатын асхана мен бу қазандығы бөлмесінің төбесі жанғаны анықталды.
Өрт сөндірушілер өрттің үй ішіне таралуына тосқауыл қойылды. Тұрмыстық заттар сыртқа шығарылып, тез арада өрт сөндірілді.
Тілсіз жаудың салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.