Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында тұрғын үйдің ауласындағы сарайдан өрт шықты.

 Өрт сөндіру қызметіне түскен хабарламадан соң №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күш-құралдары көмекке жіберілді. Оқиға орнына жедел жеткен бірінші бөлімше барлау жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде тұрғын үй ауласында орналасқан ауданы  50 шаршы метрді құрайтын сарай толығымен жанып, көрші тұрғын үйдің жапсарлас салынған  бастырмасына және жақын орналасқан  моншаның ағаш шатырына қызыл жалын зақым келтіргендігі анықталды.

Оқиға орнындағы өрт сөндірушілердің жылдам әрі нақты іс-қимылының нәтижесінде өрт ошағына жақын орналасқан моншаға ағаш сарай мен уақытша тұрғын үй және гаражға тілсіз жаудың таралуына жол берілмеді.

«Өртті сөндіру барысында қызыл жалын оранған сарай ішінен №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ж.Рысбеков және аға өрт сөндіруші құтқарушы А.Икмат өз өмірлерін қатерге тіге отырып  сыйымдылығы 50 литрлік 2 дана және сыйымдылығы 27 литр болатын 4 дана газ баллондарын қауіпсіз жерге шығарды. Осылайша газдың жарылысы болмады.  Өртке Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру қызметінен 15 қызметкер, 4 өрт сөндіру автотехникасы, «Апаттар медицина орталығы» Қызылорда облысы филиалынан 3 қызметкер 1 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – делінген хабарламада. 

Тағы да оқыңыз: