Қызылордада төбелестен жасөспірім пышақ жарақатын алды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада төбелестен жасөспірім пышақ жарақатын алды

17.05.2021, 15:20

658 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласып, онда бір жасөспірім пышақ жарақатын алды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелестің жолын кесіп, оқиға орнынан қалалық ПБ-на 14 жасөспірімді жеткізді. Төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, күзетпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық, суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Топтық төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы 3-бөлігіне (Ата-ананың немесе заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеуде міндеттерін орындамауы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық не әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті) сәйкес әкімшілік шара көру мәселесі қарастырылуда.

0

Пікір қалдыру