Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы полиция департаментімен облыс көлемінде орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына жыл сайын тексеру жұмыстары жүргізілуде.

2019 жыл басынан облыс аумағында орналасқан барлық террористік тұрғыдан осал объекті тексеріліп, 167 объекті талапқа толық сай келетіні анықталса, 524 объекті басшысына кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді.

Оның ішінде 19 объекті басшысылары тарапынан өрескел құқық бұзушылық анықталды.

Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 149-бабына сәйкес, өзіне сеніп тапсырылған нысанның терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған 19 объектінің басшысына сот органдарының шешіміне сәйкес 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

Тағы да оқыңыз: